FOC 2026: Fats and Oils Conference

FOC 2026: Fats and Oils Conference

Астанада «FOC 2026: Fats and Oils Conference» бетынші мерейтойлық халықаралық май-тоң май конференциясы өтті. 18 елден келген 350-ден астам делегат нарықтағы негізгі трендтерді, жүйелік сын-қатерлерді, сондай-ақ АӨК пен халықаралық сауданы дамытудағы перспективалы өзгерістерді талқылау үшін бас қосты. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құттықтау сөзінде атап өткендей, небәрі 4 жыл ішінде қазақстандық май-тоң май өнімін экспортынан түсетін валюталық түсім төрт есеге өсіп, 240 миллионнан 963 миллион долларға жетті. Өндіріс рекордтық 1,57 миллион тоннаға жетті, ал өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортындағы саланың үлесі 27%-ды құрады. «Бұл — отандық өндірушіні қолдау, өңдеуді дамыту және инвестициялар тарту бойынша жүйелі мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Өңдеумен қатар ауыл шаруашылығы да дамуда: майлы дақылдардың егістік алқаптары кеңеюде, фермерлік шаруашылықтардың табыстылығы өсуде, жаңа жұмыс орындары ашылуда, көлік және экспорттық инфрақұрылым дамуда. Бүгінде Қазақстан күнбағыс майын экспорты бойынша әлемде 6-орынды алады және бұл өнімді Қытай нарығына шығаратын 2-ші жеткізуші болып табылады. Сонымен қатар, ел Еуропалық одаққа күнбағыс шротын жеткізуші жетекшілер қатарына кіреді және Орталық Азия елдерінің қажеттіліктерін толық дерлік қамтамасыз етеді», - деп баса айтты С. Жұманғарин. Алайда, қол жеткізілген нәтижелер — дамудың жаңа кезеңінің бастауы ғана. Негізгі міндет — ірі экспортер мәртебесінен саланың жаһандық көшбасшыларының бірі мәртебесіне өту. Ол үшін 2026–2028 жылдарға арналған май-тоң май өнімінің экспортын дамыту Жол картасы іске асырылуда. «Біздің мақсатымыз — саланың валюталық түсімін жылына 1,5 миллиард доллардан астам сомаға дейін ұлғайту, Қазақстанның ірі күнбағыс майын экспорттаушылар арасындағы позициясын нығайту және әлемдік ТОП-3 көшбасшы қатарына енуге негіз қалау», - деп хабарлады вице-премьер. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін бизнес пен мемлекет бірнеше негізгі бағыттар бойынша жұмысты жалғастырады:

  • заманауи агротехнологияларды енгізу есебінен жоғары кірісті майлы дақылдардың егістік алқаптарын кеңейту және өнімділікті арттыру;

  • терең өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім өндіруге инвестицияларды ынталандыру;

  • жеткізу көлемі қарқынды өсіп жатқандықтан, көлік-логистикалық инфрақұрылымды және халықаралық сауда бағыттарын дамыту.