Күнбағыс майы мен мал азығы қазақстандық шикізаттық емес экспорттың ТОП-6 қатарына кіреді
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар айналымы 43,9 миллиард долларға жетті, бұл ретте өңделген өнім экспорты 17,6%-ға өсіп, 15,2 миллиард долларды құрады.
2026 жылдың қаңтар–маусым айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның әлемнің барлық елдерімен шикізаттық емес тауарлар айналымы 43,9 миллиард долларға жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 7,6%-ға немесе 3,1 миллиард долларға өсті. Бұл ретте экспорт әлдеқайда жоғары динамиканы көрсетті. 2026 жылдың алғашқы алты айында қазақстандық кәсіпорындар сыртқы нарықтарға бір жыл бұрынғыға қарағанда 17,6%-ға артық, яғни 15,2 миллиард долларлық өңделген тауар жеткізді.
2026 жылдың алғашқы алты айы Қазақстанның шикізаттық емес және өңделген тауарлар сыртқы саудасының кезекті өсу кезеңі болды. Импорттың бірқалыпты өсуі аясында оң динамиканың басты көзі дәл осы экспорт болды. Бір жыл ішінде экспорттық жеткізілімдер 2,3 миллиард долларға (12,9 миллиард доллардан 15,2 миллиард долларға дейін) ұлғайды, ал импорт 3%-ға (27,9 миллиард доллардан 28,7 миллиард долларға дейін) өсті.
Бүгінгі таңда экспорттық себеттің негізін мыс және мыс катодтары — 2,84 миллиард доллар, уран — 1,51 миллиард доллар, ферроқорытпалар — 1,1 миллиард доллар, күміс — 781,3 миллион доллар, күнбағыс майы — 533 миллион доллар, мал азығы өнімдері — 438 миллион доллар сияқты позициялар құрайды.
Маңызды нәтиже — өсу қарқынының арақатынасы. Экспорт 17,6%-ға ұлғайған кезде, шикізаттық емес және өңделген тауарлардың импорты небәрі 3%-ға өсті. Нәтижесінде экспорт пен импорт арасындағы алшақтық біртіндеп қысқарып, сауда балансы бір жылда 1,4 миллиард долларға жақсарды.